Таңдаулы жаңалықтар:

«АЯЛЫ АЛАҚАН» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ | Zau.kz

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды. Бұл жоба Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылып отыр.

Орталықтың ашылу рәсіміне Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Нарымбетов, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, Абай ауданының әкімі Б.Парманов, қалалық мәслихат депутаты Т.Сұлтанова, Nur Otan партиясының филиалы жанындағы жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы Б.Куанышбеков, балалардың ата-аналары қатысты.

– Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Осыған орай, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында ерекше күтімді қажет ететін балаларды оңалту орталығының жаңа ғимаратын пайдалануға беріліп отыр. Мұнда балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіледі. Орталықта стационар жағдайда 40-қа жуық балаға дейін қызмет көрсетеді, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.

«Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мекемесінің ішінен ашылған орталықта тірек-қимыл және жүйке жүйесінің дертіне шалдыққан 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. Осы мақсатта ем-шаралық, спорттық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *