Таңдаулы жаңалықтар:

АУДАННЫҢ ДАМУЫ 7 БАҒЫТТА ЖҮЗЕГЕ АСУДА - Zau.kz

Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мыңбаев қала әкіміне 9 айда ауданның әкономикалық-әлеуметтік дамуы жөнінде баяндады.

Аудан қаланың орталығында орналасқан. Аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй, 400 аула, 15 170 жеке үй, 13 саябақ,
18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар.

Есепті кезеңде аудан әкімі мен орынбасарларының жеке қабылдауында 317 азамат болған. Әлеуметтік желідегі ресми парақшалар арқылы да тұрғындардың талап тілектері мен өтініштерін назарға алу жұмысы тұрақты жүргізілуде. Бүгінге дейін желі арқылы 525 тұрғындардың өтініштеріне тиісті жауаптары берілген.

Ауданның дамуы белгіленген 7 бағыт негізінде жүзеге асуда. Бірінші кезекте ауданның санитарлық тазалығын қамту үшін 7 секторға бөлініп, кестеге сай жүргізілуде.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 25 аулаға спорт алаңшаларын орнату жұмысы жүруде. Одан өзге, демеушілер есебінен 6 спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Тұрғындардан аудан әкімдігіне 621 өтініш келіп түскен. Өткен жылдың осы кезеңімкн салыстырғанда өтініштер мен шағымдар 8 % ға азайған.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында аудан аппарат қызметкерлеріне түсіндірме жұмысы тұрақты жүргізіледі. Аудан әкімдігі қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмаған.

Ауданға биыл 25 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген, 10 айдың қорытындысы бойынша 21 млрд. теңге тартылды.

Осы жылғы жоспарға сәйкес аудан аумағындағы 27 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмысы жоспарға сай жүргізілуде.

IKOMEK біріңғай байланыс орталығы арқылы түсетін аудан шаруашылығына қатысты шағымдар мен өтініштер күнделікті талданып, жедел жауап жолдау жұмысы жүйеге қойылған