Атқа міну мәдениетіне айрықша назар аударылуда

Халқымыздың ортақ тарихын танытқан бағдарламалық құжат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Мемлекет басшысы ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытты сараптай келе, атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, «Аң стилі» өнері, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны атты Ұлы даланың жеті қырына ерекше тоқталды.
«Рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы ретінде жарық көрген Мемлекет басшысының бұл жаңа еңбегінде атқа міну мәдениеті біздің отанымыздан басталғанын атап өткен болатын.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігі ұлттық қолөнер болып табылады осы тұрғыда ұлттық қолөнерді жас ұрпақ арасында дәріптеп қарастыру өте қажет-ақ.
Халық қолөнерінің түп тамыры халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра.
Осыған орай «Үлгілі ауыл» байқауына үміткер Тоғызкент ауылдық округіне қарасты Әбілда ауылында атқа міну мәдениеті аясында «Ат – ер қанаты» атты өнегелі шара орын алды.
Әбілда ауылында жаңа құндылықтар жүйесіндегі тарихи және дүниетанымдық түп-тамырды жалғастыруды насихаттау бойынша асау үйрету, атты ерттеу және атқа міну мәдениеті тақырыбында шеберлік сағаты, ат әбзелдерімен таныстыру, атқа отыру тәсілдерін көрсету, салауатты өмір салтын дәріптеу көріністері қамтылуда.
.Балалардың қол икемділігімен бірге ұлттық мұрамыз көз алдымызда балғын балалар бойына жастайынан еңбекке баулу сабақтарында осындай ер тұрмандар жасау арқылы дамытсақ бұл өте қызықты әрі тиімді болмақ.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы