Атар қалай Отар болды?


Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Отар елдімекенінің атауы туралы көптен бері ойланып жүруші едім. Еліміз азат, ауылымыз Отар. Айтыңыздаршы, ақылға сыймайды ғой. Ал бүгін журналист Есболат Айдаболсын осыған қатысты бір деректің шетін шығарды. Сөзбе-сөз келтірсек, «Атарбай деген батырдың атына қойылған станция екен. Кененді елге танытқан Еркебай деген болыс қойғанын Кенен жазып кеткен. Бертінде «атар» деп қысқарып, орыстар атарды «о»-мен жазып кеткен».
Егер осы рас болса, неге олқылықтың орнын толтырмасқа? Отар сөзі белгілі бір мемлекетке бағынышты, соның қарауындағы бодан ел деген мағынаны білдірмей ме? Тағы бір мәні бөлек жайылатын бір қора қойды меңзейді. Соны біле тұра селт етпейтініміз қалай? Тәуелсіздік рухы қайда? Идеология қайда? Осы сұрақтарға Болатбек Байтөле бастаған ауданның атқамінерлері жауап береді деген сенімдемін.

(Тұрсынбек Сұлтанбектің фейсбуктегі парақшасынан)

Заула, ақпарат!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *