Таңдаулы жаңалықтар:

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына және Конституция күніне орай «АТА ЗАҢЫМ – АЙБЫНЫМ» атты азаматтардың қоғамдық қабылдауы өтті.
Жиынға қалалық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, аудан әкімшілігі басшысының орынбасарлары, заңгерлер және партия қызметкерлері қатысты.
Қабылдауға жазылған азаматтардың көтерген мәселелердің көпшілігі заң сұрақтары бойынша қойылып, талқылауға салынды.
Өтініш білдірген азаматтардың барлығының сұрақтарына заң аясында түсінік беріліп, қанағаттандырылды.