Асқар Исабекұлы Мырзахметов

Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында туған.

1984 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша аяқтаған;

Еңбек өтілі: Қазақстанның қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1984-1985); Қазақстанның мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (1988-1991);

«Қазақстан» республикалық биржасының вице-президенті, Орта Азия және Қазақстан биржалары Қауымдастығының Басқарма төрағасы, «Электронды супермаркет» АҚ президенті (1991-1995); «Tasmo» инвестициялық фирмасының бас директоры (1995-1996); «Агро-лизинг» АҚ Бас директоры (1996-1999);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыскеңесшісі (1997-1999);

Қазақстан кәсіпкерлері Форумы кеңесінің төрағасы (1999 жылдың наурызынан тамызына дейін);

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі (1999-2002);

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі (2002-2005);

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті төрағасының міндетін атқарушы (2003-2004);

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрі (2005-2006);

Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі (2006-2007);

«Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы (2007-2009);

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (2009-2015);

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары(2015 жылдың тамызынан бастап);

2016 жылдың мамырынан Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2016 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысының әкімі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru