Ашықтық-басты қағида

04/03/20201min1660

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің басшысы әлеуметтік желіде «Интернет конференция» өткізді. Тікелей эфирде Департаменттің басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары жайында баяндады. «Азаматтардың қарапайым кеңес алуға» мұқтаждығын назарға ала отырып, заңгер, нотариус, қорғаушы, жоғарғы оқу орындарында «Заңгер» мамандығы бойынша білім алып жатқан ерікті студенттерден құралған арнайы топ «Адал көмек» акциясына белсене кірісті. Республикалық науқан әр сенбі «Антикор орталығында» сағат 10:00 – 13:00 уақыт аралығында өтеді. Өңірдегі әр тұрғын құқықтық кеңес алуға болады. Сондай — ақ, департамент басшысы күн сайын облыс тұрғындарын әр түрлі мәселемен қабылдауға дайын екендігін жеткізді. Эфирде Президенттің «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасына Агенттіктің қосқан үлесі жайы да сөз болды. Оған дәлел, еліміз бойынша қазіргі кезде 13 аймақта ашылған «Антикор орталықтарында» азаматтарды кедергісіз қабылдау және оларға бірден көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. «Жұртшылықпен тиімді кері байланысқа жауапты серіктестік департаменті құрылған. Апта сайын БАҚ үшін брифингтер өткізіліп, әлеуметтік желілерде азаматтардың сұрауларына жедел ден қоятын белсенді жұмыс жүргізілуде», деген басшы алдағы уақытта орындалуын тікелей бақылауда ұстайтындығын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *