«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы

20/02/20201min270

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасының» ресурсы – мемлекеттік мекемелердің бюджеттерінің орындаулы туралы ақпаратты орналастыру, осыған қоса азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеу алаңы болып табылады.

Бүгінгі таңда Интерактивті картада нақты уақыт режимінде құрылыс, жөндеу және әлеуметтік нысандардың қамтамасыз ету салаларына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттардың толық мәліметі көрсетілген.
Бұдан басқа, бұл ресурс бөлінген қаражаттарға автоматты талдау және ұқсас нысандармен салыстыру жүргізеді. Айтарлықтай артық немесе төмен шығындар анықталған жағдайда, жүйе тәуекелді аймақтарға назар аударып, жұртшылық бақылауын күшейтеді.
Сонымен қатар, Бұл жоба аясында өнім берушілердің жұмыс сапасына баға және пікір беруден басқа, мемлекеттік сатып алулар конкурстарының үнемі жеңімпаздары ретінде анықталған мердігерлерді көруге болады.
Жамбыл облысында қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен бөлімдеріне бағынысты 900 мекеменің барлығы өз бюджеттерін енгізіп, жариялады.
«Атап өту қажет, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» — бұл сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды алдын алудың белсенді тетігі, мемлекеттік мекемелердің халық алдындағы есебін күшейтеді, мемлекеттік аппарат және қоғам, оның азаматтық институттары арасындағы диалогты қамтамасыз ететін әмбебап құрал болып табылады. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясына сәйкес келеді» — деп атап өтті Департамент басшысының бірінші орынбасары
Аталған жобаның жалғасы ретінде ағымдағы жылы облыс орталығында «Тараз қаласының қатысу бюджеті» пилоттық жобасы іске қосылмақ. Бұл жоба «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Тараз қаласы әкімдігінің өзара келісуімен әзірленді.
Жобаның мақсаты – тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Тараз қаласының аумағын дамыту және абаттандыру. Жоба аясында тараздықтар ұсынылған бастамаларды талқылау және оларға дауыс беру арқылы басымдық берілетін шаралар мен учаскелерді анықтайды. Бюджет шешімдерін талқылау процессіне тұрғындарды тартудың өзі билік пен халық арасындағы тығыз байланыс мәдениетін қалыптастырады. Тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары мемлекеттік органдарға халықтың шынайы қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
«Қатысу бюджеті» жобасы шеңберінде азаматтар қаланың белгілі бір аумағында жолдар, тротуарлар, балалар мен спорт алаңшаларын, көшелерді жарықтандыру, аллея мен скверлер салу және т.с.с. мәселелер бойынша ұсыныстарын білдіре алады. Сондай-ақ, қоғамның белсенді мүшелері өз пікірлерін қаланың белгілі бір аумақтарын дамыту қажеттігі үшін дауыс беру арқылы да білдіре алады.
Қоғамның жобаға қатысу нәтижесі бюджет шығындарының ашықтығы мен есептілігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сапасы мен әлеуметтік жағдайының жоғарылауы, атқарушы билікке деген сенімнің күшеюі, әрбір азаматта өз ауданы мен қаласының дамуына жауапкершілік жүгін сезіну мәдениетінің қалыптасуы болмақ.
«Қатысу бюджеті» тұрғындарға абаттандыру саласындағы қажеттіліктерін білдіріп қана қоймай, сонымен қатар бюджет жөнінде, оның бөліну тәртібі мен жүйесі төңірегінде сауатын арттырып, өз тұрғылықты жерлеріндегі өзгерістерді жіті бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Жобаның бастамалар мен ұсыныстарды жүзеге асыру жолдарын реттейтін өз қағидалары мен талаптары бар.
Облыс орталығы тұрғындарының осы жобаға қатысуы үшін Тараз қаласы әкімдігінің taraz.zhambyl.gov.kz. ресми сайтында «Қатысу бюджеті» атты арнайы бөлім құрылған.
Азаматтардың «Тараз қаласының қатысу бюджетіне» атсалысу тәртібі қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, жергілікті баспасөз құралдарында, жергілікті атқарушы органның әлеуметтік желілерінде (Facebook, Instagram) орналастырылатын болады.
«Тараз қаласының тұрғындарын осы Жобаны жүзеге асыру ісіне атсалысуға, сол арқылы өз тұрғылықты жерінің және жалпы алғанды көне қаламыздың дамуына өз үлесін қосуға шақырамыз» — деп сөзін түйіндеді, Департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru