Ашық аспан астындағы кітап көрмесі

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Желтоқсан — 86» Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласының орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінің мақсаты — өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық сана-сезімін ояту, жастарды кітап оқуға шақыру.
Қала тұрғындары Тәуелсіз Қазақстанның бел-белестері, бүгінгі жетістіктері және жарқын болашағы туралы деректер мен құнды кітаптармен танысып, тағылымы мол ақпараттарға қол жеткізді.