Таңдаулы жаңалықтар:

АСАРЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ - Zau.kz

Шаһардағы «Асар-2» тұрғын алабына ауыз су берілді. Ауыз суға қосу іс-шарасына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов қатысып, асарлықтардың қуанышымен бөлісті.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, 5 елді мекен биыл кезең кезеңімен ауыз суға қосылады.

Су құбырының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан 2020 жылы басталды. «Асар-2» тұрғын алабында 2765 абонент бар. Су жүйелерінің жалпы ұзындығы 156,1 шақырымды құрайды.

-Бүгінгі таңда сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98 пайызды құрайды. 2023 жылға қарай үшінші мегаполисте ауыз су мәселесі жүз пайызға шешімін табады, — деді қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов.

«Асар-2» тұрғын алабында енді халықты ауыз сумен жабдықтаушы мекеме тарапынан абоненттеу жұмыстары қалып тұр. Ол үшін жер теліміне берілген мемлекеттік акт пен жеке куәліктің көшірмесі қажет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *