Таңдаулы жаңалықтар:

АСАР ШАҒЫН АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ТАЛШЫҚТЫ ОПТИКАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қаратау ауданына қарасты Асар шағын ауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту үшін Шымкент қаласы әкімдігімен жеке инвесторлар тартылған болатын.

Осы жұмыстардың нәтижесінде «i-LinkNet» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан Асар шағын ауданына оптика желісі толық жүргізілді. Бұл туралы қалалық цифрландыру басқармасы мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, ондағы 2000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі, яғни, жалпы саны 200 шақырымды қамтитын абоненттік кабель тартылған.

Нәтижесінде, аталған шағынаудандағы 9 мыңға жуық тұрғынды сапалы интернетпен қамтуға толық мүмкіндік бар. Бүгінде, өтініш қалдырған 200-ге жуық үйге интернет желісі қосылып, тұрғындардан қосымша өтініштер қабылдануда. Егерде тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер берілген жағдайда, «i-LinkNet» компания тарапы шағын ауданды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.

Алдағы уақытта, «i-LinkNet» компаниясы Самал-3 шағын ауданын (100%) талшықты оптика желісімен қамту жұмыстарын жүргізетін болады,- дейді басқарма мамандары