Арнұр Сағындықұлы Мұхаметжанов

 

Арнұр Сағындықұлы Мұхаметжанов 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «бухгалтерлік есеп және аудит», 2009 жылы  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «қаржы магистрі», 2013 жылы «Болашақ» халықаралық степендиясымен Ұлыбританияның Exeter университетін «экономика магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласының құрылыс департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2008-2009 жылдары Астана қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының бас маманы, 2009-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау,  Экономикалық даму және сауда,  Туризм және спорт  министрліктерінің  сарапшысы, бас сарапшысы, 2014-2015  жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі  Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басқарма басшысы, 2015-2016  жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директоры қызметін атқарып келді.

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «12» сәуірдегі №67-Ж/Қ өкімімен Мұхаметжанов Арнұр Сағындықұлы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru