Арғынбай Бекбосын

1937 жылы 17 маусымда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қарасу аулында дүниеге келген.Түймекент орта мектебін, Жамбыл педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Ұзақ жылдар аудандық, облыстық, республикалық ақпарат құралдарында жауапты журналистік қызмет атқарған, Жамбыл облыстық партия комитетінде баспасөз жөніндегі нұсқаушы болған. 1985 жылдан бастап он жылға жуық Жамбыл облыстық «Еңбек туы»- «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып, оны беделді басылымға айналдыра білді. Сол мезгілде өзі екі мәрте облыстық партия комитетінің мүшесі, үш рет облыстық кеңестің депутаты болып сайланып, тұрақты комиссияларды, сондай-ақ облыстық онамастика комиссиясын, облыстық мәдениет қорын, облыстық журналистер ұйымын басқарды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің, 1995 жылы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Мыңға тарта заң актілерінің қабылдануына атсалысты. Ол сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы Тәртіптік кеңестің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болды. Депутаттық өкілеттік мерзімі біткен соң 2003 жылы зейнетке шыққанша Парламент Сенаты аппаратында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Арғынбай Бекбосынға мінсіз қызметі үшін 1991 жылы Қазақстан                Республикасы  Президентінің  Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілсе, 1998 жылы республикада алғашқылардың бірі болып «Парасат» орденімен, ал, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекеленген  2016 жылдың  желтоқсан айында  III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ол сондай-ақ оннан аса медальдың, Президенттің «Алтын барыс» омырау белгісінің иегері болды.

А.Бекбосын- оннан астам поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптардың, көптеген аудармалардың, драмалық шығармалардың авторы. Қазақстан  Журналистер одағы және ТМД елдері журналистер одақтары конфедерациясы сыйлықтарының лауреаты. Мемлекеттік грант иегері.  Жамбыл облысының және Байзақ ауданының Құрметті азаматы болды.

Қайраткер 2017 жылдың 1 мамырында 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru