Таңдаулы жаңалықтар:

АРДАГЕРЛЕРГЕ ТҮРКІСТАНҒА САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ - Zau.kz

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық Ардагерлер кеңесі мүшелері киелі Түркістанға зиярат етуге барып келді. Бастауыш ардагерлер үйінің төрағалары мен төрайымдарынан және тыл ардагерлерінен құралған топта
37 ардагер болды. Қазыналы қарттарымызды сәтті сапарға аудан әкімі Рашид Мыңбаев шығарып салды.

— Қарттар күнінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамутдин ағамызбен біраз ардагерлерімізді құттықтап барған болатынбыз. Сонда ағаларымыздың тарапынан ер түріктің бесігіне бір күндік саяхат ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен еді. Карантин басталғалы ауданымыздың ата-әжелері ешқайда шықпапты. Шымкент қаласы қазір «жасыл» аймаққа өтті, ауа райы да қарасып тұр. Сондықтан ақылдаса келе түрленіп түлеген Түркістанды көріп, бой жазып қайтсаңыздар дұрыс болады деп шештік. Қауіпсіздік үшін сіздермен бірге тәжірибелі дәрігерді жібердік. Ақ жол,- деді аудан әкімі.

Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып зиярат етіп, Түркістанда салынған жаңа ғимараттар мен нысандарды аралады.