Таңдаулы жаңалықтар:

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР БІЛІМ ОРДАСЫНДА ҚОНАҚТА | Zau.kz

Шымкент қаласы әкімінің ел егемендігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес, қалалық білім басқармасына қарасты №97 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырып, өткізді.

Кездесу кешіне Г.Кешубаева, Ғ.Мейрманова, Н.Алимбаева, А.Жанысбаева, А.Жалғасбаева, Н.Куланбаева, Н.Бердалиева, Ж.Джанходжаева, Р.Абдурайымов сынды ардақты ұстаздар шақырылды. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері мен мектеп оқушылары ұлағатты ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды.

Кеш қонақтары өз кезегінде оқушыларға өнегелі өсиеттерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Кездесуде айтылған келелі әңгімелерден оқушылардың ата-аналарын, ұстаздарын құрметтеуге деген талпынысы мен Отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдері артқандығы байқалды. Кештен рухани күш-қуат алған оқушылар қонақтармен естелік суретке түсіп, ерекше әсермен тарқасты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *