Таңдаулы жаңалықтар:

АРАЛ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП

Қордай  ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе жаңа білім ошақтарының бой көтеруі көңілге қуаныш ұялатады. Осыған дейін шағын мектепте білім алып келген Арал ауылының оқушылары жақын болашақта зәулім мектепте оқитын болады. Ұзақ жылғы арманның орындалатын уақыты жетті.

180 орындық үш қабатты мектептің құрылысы басталып, заманауи білім ордасы ауыл балаларына сапалы білім беруге септігін тигізетін болады. Қазаргі заманға білім орындарының барлық талаптарына сай бой көтеретін мектепте орта білімді сапалы алуға мейілінше жағдай жасалатын болады. Қазіргі таңда жаңа мектеп орнын дайындау, аумағын қоршап, уақытша электрмен қамту жұмыстары жүргізілуде екен.

Жоба бойынша мектепте оқу сыныптары, зертхана, шеберхана, асхана, спорт және мәжіліс залы, кітапхана, медициналық кабинет, әкімшілік және қосымша бөлмелер қарастырылған. Мектеп заманауи жиһаз бен құрал-жабдықпен, интерактивті тақтамен қамтылмақ. Жанынан заманауи стадион, шағын футбол және спорт алаңшасы орналасып, сумен қамту жүйесі, жылыту жүйесі, электр желісі тартылады. Сонымен қатар, аумағы абаттандырылып, түрлі ағаштар отырғызылып, гүлзарлар пайда болады.

Жалпы айта кетейік, аудан бойынша күндізгі білім беретін 48 мемлекеттік мектепте (оның ішінде: 1 – бастауыш, 8-негізгі, 39 — орта) 31525 оқушы және 3 бастауыш жекеменшік мектепте 246 оқушы білім алады. Аталған мектептердің 23-і мемлекеттік тілде, 2-і ресми тілде, 26-ы мемлекеттік және ресми тілде жұмыс жасайды.