Таңдаулы жаңалықтар:

Антикор жобаларын іске асырудың тиімділігін Басқарушы комитет қамтамасыз етеді

02/02/20211min1090

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамаларын іске асыруды жалғасы ретінде ведомствоның жылдық алқа отырысында айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жөніндегі Басқарушы комитет құрылды.

Комитетке Агенттіктің барлық жобаларының қызметін үйлестіру мен мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту бекітілген.

Мұндай тәжірибе бұрын мемлекеттік органдарда қолданылған жоқ. Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түйінді көрсеткіштері мен мақсаттарына қол жеткізуге және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жобалық міндеттер мен іс-шараларды іске асыруды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларының қатарына «Adaldyq alańy», «Adal kómek», «Ашық бюджет», «Адал фарм», «Sanaly urpaq», «Адал жол», «Сапалы жол», «Protecting Business and Investments» және «Цифрлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» сияқты бастамалар кіреді.

Комитет басшысы болып 2017 жылдан бастап Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджментті дамыту орталығын басқаратын Жанар Тайжанова (Р2М, IPMA, PRINCE 2 Practitioner сертификатталған жобалық менеджері, ISO 21500 сарапшы-аудиторы) тағайындалды.

Комитет жанында қоғамның белсенді өкілдері мен жоғары білікті салалық мамандар мен сарапшылар қатарынан сараптамалық кеңес жұмыс істейтін болады. Олардың қатысуы бірқатар бағыттар мен салаларда сыбайлас жемқорлықпен байланысты елеулі проблемаларға жобалардың нақты назары аударылуының өзектілігін арттырады.