Антарктида ақиқаты

Антарктида құрлығы ресми түрде 1820 жылы зерттеушілер Лазарев пен Беллинсгаузен экспедициялық тобымен ашылды. Теңіз зерттеушілері оны мұзды жер деп атап кетті. Алайда, ол кезде Антарктиданың бүтін бір құрлық екендігін ешкім білген жоқ. Ол арал болуы да мүмкін деген тұжырым болған. Тек, 1890 жылы ғана дүние жүзінің картасын түзеген Ағылшын картографы Джон Бартоламей Антарктиданы құрлық ретінде енгізіп, алтыншы континенттің бар екендігі ресми түрде расталған болатын.

Ал, бұл құрлыққа Антарктида атын 1840 жылы АҚШ зерттеушісі Чарльз Уикс берді. Антарктиданы Лазарев пен Беллинсгаузен экспедициялық тобы ашқанымен, олар мұз материгіне аяқ баспаған. Алтыншы құрлыққа алған рет кемеден түсіп, оған аяқ басқан 1895 жылы норвег ғалымы Карстен Борхргевник болды.

Антарктида құрлығы барлық материктен 2000- 4000 метрге дейін биік орналасқан. Оның басты себебі континенттің мұз құрсауында жатқандығымен байланысты. Бүгінде материктің басым бөлігі зерттеліп үлгерді. Алайда, оның орталық бөлігіндегі оңтүстік полюсте әлі де құпия жерлер көп. Бұл құрлықтың жағалаулары болмаса, континенттің ішкі бөліктерінде ешқандай жануарлар да мекен етпейді. Өйткені, ол өте суық әрі құрғақ болып келеді. Сондықтан Антарктида пингвиндері мен ақ аюлары тек жағалауда ғана өмір сүреді.

Антарктида құрлығы бүгінде ешқандай мемлекетке тиесілі емес. Онда тек зерттеу жұмыстарын жүргізуге ғана рұқсат етіледі. Қазір мұз материгінде 44 станция болса, онда 2000 адам еңбек етіп жатыр. Сол үшін де Антарктиданың +682 деген өз телефон коды мен ақ және көк түстен тұратын жалауы бар.

Антарктида құрлығы жер бетіндегі ең суық континент екендігі белгілі. Мұндағы ең суық күн соңғы рет 2010 жылдың 10 тамызында тіркелді.

Ол күні ауа температурасы 93 градус аязды көрсеткен. Оны АҚШ- географиялық қоғамының зерттеушілері тіркеді.

Бүгінде бұл құрлық төрт бөлікке бөлінген. Оның ішкі бөлігінде мұздардың қалыңдығы 4000 метрге дейін барады.

Алайда, соңғы жылдары бүкіләлемдік жылынуға байланысты ғалымдар Антарктиданың жәйлап еріп жатқандығын айтып жүр. Оған дәлел, 1999 жылы көлемі Лондон қаласының территориясымен бірдей болатын Айсбергтің құрлықтан бөлініп шығуы. Мұндай факторлар қазір де көп.

Егер, Антарктида құрлығындағы мұз түгел еріп кеткен жағдайда дүниежүзілік мұхит суы қазіргіден 60 метрге дейін көтеріліп, оның жағалауындағы жердің барлығын су басар еді. Алайда, Антарктида мұздарының толық еруіне ғалымдар жүздеген жылдар уақыт керек деп отыр.

Қазіргі таңда Антарктиданы игеру мәселесі мықтап қолға алынуда. Себебі, онда дүние жүзілік таза судың 90 пайызы шоғырланған. Ал, көптеген елдер оған мұқтаж болып отыр…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *