Әнші Кентал аруларды боянбауға шақырды

Арианадай тартымды болам десеңіз, танымалдардың кеңесіне құлақ салыңыз! Отандық жұлдыздар жаз маусымының сұлулық трендін талқыға алды. Пікір алмасқан арулар арасында сері орындаушы Кентал не істеп жүр?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сән саласының маманы Санди Бексырғаны, шоу-бизнестегі кей арулардың шамадан тыс бояуға құмар болуы алаңдатады. Жұлдызды визажистің айтуынша, бұл маусымның тренді – табиғилық. Қазірдің өзінде бьюти жаңалықты байқап көргендер де бар көрінеді.

«Джейран» тобын бояған кезде олардың макияжы табиғи, мүлде макияж жоқ сияқты болды. Ол ең қиын макияж. Аз жағып, оны әдемі етіп көрсету үлкен өнер деп ойлаймын”, – дейді Санди Бексырға.

Табиғи сұлулыққа талпынғандар қатары мұнымен шектелмек емес. Атышулы арулардан өзге, мэйкаптың жаңа түріне жүгінгендер жетерлік.

“Қазір Мақпал Исабекова көп боянбайды. Аз боянып жүр. Динара Сәтжан аз боянады, Аида Кәуменова, Баян Мақсатқызы да аз боянып жүр”, – дейді визажист Санди Бексырға.

Мейкап тақырыбы ерлердің де назарынан тыс қалмады. Мәселен, нәзік жандылардың бұл оң беталысы, әнші Кенталға майдай жаққандай.

“Қыздар боянғанда бір-біріне ұқсап кетеді. Себебі мэйкаптар, мэйкапшиктер бір адам ғой, бәрін жасайтын көпшілікке”, – дейді Кентал.

Әсел Садуақасова да табиғи сұлулықты жақтайтындардың қатарынан.

“Түсірілім кезінде маған жасанды кірпік жалғатуға тура келеді. Себебі, кірпік бояуына, кейбір әрлеуіш заттарға аллергиям бар. Екі сағаттан артық макияжбен жүре алмаймын”, – дейді Әсел Сәдуақасова.

«А-ля натурель» макияжы Әселден өзге сұлуларға да ұнайды деген сенімдеміз.

 

Дереккөз: Stan.kz