Таңдаулы жаңалықтар:

АНАЛАРҒА «АЛТЫН» ЖӘНЕ «КҮМІС» АЛҚАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ | Zau.kz

Тәуелсіздікке 30 жыл қарсаңында Әл-Фараби ауданында 4 ана «Алтын алқа» және 11 жас ана «Күміс» алқа иегері атанды.

Ауданымызда жалпы 5374 көпбалалы ана бар. Батыр аналарымыздың 439-ы «Алтын», 1300-і «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан аталған наградаға 95 көпбалалы ананың құжаты ұсынылған болатын. Ағымдағы жылдың шілде айында 18 ақжаулықты ананы «Алтын», ал 70 ананы «Күміс» алқалармен марапаттадық. Міне, тағы 4 «Алтын», 11 «Күміс» алақаларды табыс еттік.

Халқымыздың демографиялық әлеуетін арттырып жатқандарыңызға алғыс білдіреміз. Еліміздің алтын діңгегі болып, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер дейміз.

Айта өтейін, «Алтын алқа» наградасы жыл сайын жеті және одан артық баланы, ал «Күміс алқа» алты бала тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *