Таңдаулы жаңалықтар:

«АЛТЫН ТЕНГЕ — БЕРЕКЕ КЕЛБЕТІ» АТТЫ САЯХАТ САҒАТЫ ӨТТІ

Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай Әл-Фараби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» және «Абай» кітапханасымен бірлесе «Алтын тенге- береке келбеті» атты саяхат сағаты ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастарды Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту.