Алты айда атқарылған жұмыс ауқымды

04/08/20201min620

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисінің 6 айда атқарған жұмысы тақырыбында брифинг өтті.
Агенттік және Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасымен бірлесіп құрылған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы 2019 нәтижелі болды деп сеніммен айтуға болады, себебі облыс аумағындағы қоғам тарапынан көптеп оң пікір қалдырды.
Осы орайда, ағымдағы жылы облысымыздың 10 ауданның барлығында «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылып, өз жұмысын жүзеге асыруда. Басты мақсат жоба кеңселерінің жұмысын ауылдық деңгейге жеткізу.
Тұрғындарға сапалы және бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету мақсатында Тараз қаласында жер және сәулет саласындағы бөлімдерін біріктіріп сервистік әкімдік ашылды. Сонымен қатар, Меркі, Талас, Сарысу, Шу, Мойынқұм аудандары «Сервистік әкімдік» форматына көшті. Қалған 5 ауданда «Сервистік әкімдік» ашу бойынша жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Ал, Жамбыл облысының әкімдігі мен Тараз қаласының әкімдігі «Ашық әкімдік» принциптерімен жұмыс жасауда.
Жақын арада, Тараз қаласының ауыл шаруашылық, тұрғын-үй және шаруашылық, құрылыс, кәсіпкерлік бөлімдерін біріктіріп сервистік әкімдік ашылмақ.
Сондай-ақ, тұрғындарда оңтайлы моральдық қасиеттерді нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылықты және адалдықты тәрбиелеу мақсатында Тараз қаласында орналасқан «SMALL» гипермаркетінде «Адалдық алаңы» аясында өзіне өзі қызмет көрсететін адалдық кассалары ашылса, ал қаланың басты көшесінің бірінде «Жемқорылққа жол берме! Сенің таңдауын, Адал білім, Сапалы медицина, Сапалы жол, Таза қала» атты мурал салынды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *