Таңдаулы жаңалықтар:

Алик Шпекбаев Тәуелсіздік күніне орай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды

15/12/20201min1580

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін қоғам белсенділерін марапаттады. Марапатталғандар қатарында Сәдібек Түгел, Айгүл Соловьева, Айман Омарова, Ырза Тұрсынзада, Төлеген Байғұлов, Талғат Нәрікбаев, Марат Бәшімов, Олег Савеленко, Асқар Рахматулин, Рахым Ошақбаев, Болат Қасымов, Әлия Сембаева және т.б. бар.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 15 қызметкеріне Мемлекет басшысының мемлекеттік наградалары, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Бұдан басқа, Агенттік төрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі және жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін орталық аппарат пен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды.