Алик Шпекбаев PRS Group талдау компаниясының атқарушы директоры Кристофер Маккимен онлайн-кездесу өткізді

03/02/20211min220

Кездесу барысында елімізде жүргізіліп жатқан реформалар мен өткен жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нәтижелері талқыланды.

Агенттік Төрағасы Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған саяси жаңғырту шараларына ерекше назар аударды. Осы бағыттағы келесі қадамдар – ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды, саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% — ға дейін төмендетуді және сайлау бюллетеніне «барлығына қарсы» бағанын енгізуді қамтиды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс туралы айта келіп, Алик Шпекбаев салалық заңнаманың новеллаларын жан-жақты түсіндірді. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті заңнамалық бекіту, мүдделер қақтығысын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар және басқалар үшін шетелдік банктердегі шоттарға тыйым салу бар.

Өз кезегінде Макки мырза Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру тәсілін жоғары бағалады. «Қазақстан өзге елдерден, әсіресе, өңірде айтарлықтай ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың саяси деңгейдегі трансформациялық өзгерістермен күшейе түсуінде айрықша ерекшелік бар», — деп атап өтті спикер.

PRS Group басшысы Сovid-19 пандемиясының және әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіру шараларын қабылдау аясында өзектілігі бірнеше есе артып келе жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекетт» саясаты туралы оң пікір білдірді.

Сарапшы мемлекеттік қызметтердің 93% электронды форматта қолжетімді екенін атап өтіп, цифрландыру мен елдің инвестициялық тартымдылығының өзара байланысын атап өтті. Нәтижесінде Дүниежүзілік Банктің Сыбайлас жемқорлықты бақылау индексі мен Транспаренси Интернешнл Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі көрсеткіштерінің өсуінен де көрініс табады.

Сондай-ақ, К.Макки Агенттік қызметіндегі жобалық тәсілге назар аударды. Жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жөніндегі Басқарушы комитеттің құрылуы нақты өлшенетін нәтижелерге бағдарлануға мүмкіндік береді.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru