Әлеуметтік желідегі «Әкімдік сағаты»

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес әкімдік сағаты өтті. Бұл жолғы тікелей эфирде өткен әкімдік сағатының тақырыбы  «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының орындалуы туралы болды.

Тікелей эфир барысында  Сарысу ауданының  әкімі Бақытжан Жақсылықов:

— Жалпы Сарысу ауданында 176 адамның коронавирус індетін жұқтырған жағдай тіркелді.

175 науқас  жазылып шықты. 1 науқас (симптомсыз) есепте тұр Олар үйлеріне шыққан.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап індет жұқтырғандар тіркелмеген.

Провизорлық стационарда 15 науқас ем қабылдауда.

Провизорлық  (стационарлар) 40 төсек жұмыс  жасайды.

Провизорлық бөлімде 9 дәрігер қызметте.

Ауруханада өкпені жасанды демалдыру аппараты 2 дана, кислородный концентратор 21 дана және провизорлық 40 төсек кислородқа қосылған. Бүгінгі таңда 184 дана кислород жеткізілді, қорда-23 кислород бар.

Медициналық бұйымдар мен қажетті препараттар жеткілікті.

4 рентген аппараты жұмыс істеп тұр.

Құрылған 7 мобильдік топ автокөліктермен қамтылған.

26 маусым 10 шілде аралығында  «СК Фармация» жасалған келісім шарт бойынша 8 дәріханаға 1185,0 мың теңгеге дәрілік заттар және медициналық бұйымдар жеткізілді.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар тұрақты бақылауда.

Тараз ӘКК және Атамекен  кәсіпкерлер ҰКП өкілі  гуманитарлық дәрілері 50 отбасына тартылып берілді.

Гуманитарлық көмек заттар жеткізілді.

16 дана концентратор демеушілік есебінен алынған.

Қайрымдылық акция «Халықпен біргеміз» қорынан да көмектер көрсетілуде.

Санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуын бақылау бойынша құрылған мониторингтік топтардың тарапынан 441 кәсіпкерлік нысан бақылауға алынған. Оның ішінде 71 бұзушылық анықталып, 61-не ескерту және 10 адамға хаттама толтырылды. Салынған айыппұл саны төртеу ,-деп бүгінгі таңдағы аудан ахуалына тоқталып өтті.

Содан соң  «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының орындалуы туралы Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бейсен Шалабаев хабарлама жасады.

Хабарламасы біткен соң аудан әкімдігінің фейсбук  және хабарламада арнайы көрсетілген электронды поштаға келіп  түскен 50-ге тарта сұрақтарға жауаптар берілді.  Сондай-ақ,   1200-дей әлеуметтік желі қолданушылары бір мезетте тамашалады.

Аудан басшысы сұрақтарға сол мезетте жауап бере отырып, келесі жұма күні жаңа оқу жылына қатысты тақырыпта әкімдік сағаты өтетіндігін хабарлады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *