Әлеуметтік маңызы бар тауарларға мониторинг жүргізілді

30/11/20201min250

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша

 

Қабылданған шаралар:

Бүгінгі күнге тұрақтандыру қордың сақтауында жалпы көлемі 2900,7 тонна тауарлар бар, оның ішінде форвардтық келісім бойынша 2609,2 тонна, оның ішінде 320,47 мың дана нан, 382,56 мың дана тауық жұмыртқасы, 3,2 тонна тұз, 470 тонна қант, 22 тонна тауық еті, 5,7 тонна сүт, сондай-ақ 420,3 тонна картоп, 332 тонна пияз және 191,48 тонна сәбіз босатылатын болады.

Тұрақтандыру қордың есебінде 837,3 млн. теңге ақша қаражаты бар, оның 491,4 млн, айналмалы схема үшін бөлінді. 

Өткен маусым аралық кезеңде уақтылы өткізілген тауар интервенциялар арқылы (жыл басынан бері 65936 кг картоп (75 тг), 28126 кг пияз (45 тг), 13295 кг сәбіз, 21429 кг күнбағыс майы (325 тг), 641,6 тонна қант (190 тг), 44750 кг ұн (120 тг), 54966 литр сүт (160 тг), 16960 кг күріш (250 тг), 37200 кг қарақұмық (240 тг), 53030 бөлке нан (55 тг), 304217 дана жұмыртқа (23 тг) өткерілді.

Жыл басынан бері аудан әкімдіктердің сұранысы бойынша Меркі, Т.Рысқұлов және Талас аудандарына 101 тонна қант босатылды.

Бағаны тежеу мәселесі тұрақты бақылауда.

Тараз қаласының негізгі 12 ірі сауда орындарындағы бағаларды мониторингілейтін 4 мобильдік топ жасақталған. Аталмыш топтар аудандық деңгейде де құрылған.

 

Тараз қаласының негізгі 12 сауда орындарынан арнайы әлеуметтік сөрелер ашылды, әлеуметтік 7 дүңгіршек қызметін тұрақты атқаруда.

Онда жыл басынан 974,3 тонна әлеуметтік 11 тауарлар нарық бағасынын 8-20% пайызға төмен бағадан өткерілді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетігі аясында 14 тауар өндірушінің тізімі айқындалды, 154 млн. теңгеге өтінімдер іріктеліп, қарыз беру келісім шарттың жобасы арнайы комиссиямен келісілді.

Бұдан бұрын, Үкімет резервінен бөлінген 1 млрд. теңге несие  кәсіпкерлік 7 субъектілерге босатылды, оның 3-сауда саттық 4-тауар өндірісі бағытында. Бөлінген қаржы толықтай игерілді.

Алқаптан сөреге пилоттық жоба аясында  813,7 млн. теңгенің өнімдері өткерілді.

Азық-түлік нарығындағы баға жағдайы тұрақты бақылауда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *