Таңдаулы жаңалықтар:

«Шын хакім, сөзің баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес»,– деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай Абай – қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қуатты таланты. Биылғы жылы ұлы Абайдың туғанына 176 жыл толады.

Абай атамыздың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі, қазақтың, адамзаттың ұлы. Абай – қайта тумас бір әлем. Абай әлемінде қазақ халқының болмысы, жан азабы мен ой тереңдігі жатыр. Ол халықтан сарқылмас нәр алса, ал халқы Абайдан өзінің биік тұлғасын көрді. Оған қарап ой түзеді, оған қарап бой түзеді. Халық пен Абайдың тұтастығы мәңгілік.

Ұлы Абайдың мерей тойына орай Шымкент қалалық мәдениет үйінің талантты өнерпаздары жүректен-жүрекке жетер сазды кешті өздеріңізге тарту етпек. Қабыл алыңыздар!

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *