Алаяқтан абай бол

09/09/20201min790

Соңғы уақытта әлеуметтік желі арқылы әр түрлі форматта мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуге дайын хабарламалар қаптап кетті. Мәселен, көлік жүргізу куәлігі, әскери билетті 2 күнде – ақ қолыңызға ұстатамыз деп сендіреді. Тек ақысын төлесеңіз болды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Жамбыл – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қымзметкерлерімен әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram және Telegram) заңсыз қызмет көрсету фактілерін анықтау бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген мониторинг жұмыстары келесі жағдайды көрсетті: «Лишили прав? Не хотите учится и ждать? Мы поможем вам решить вашу проблему» деген жарнама ұранымен инстаграм әлеуметтік желісінің кеңістігенде «prava_kz» (Водительские права) аккаунты тіркелген. Жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында Департамент қызметкері жүргізуші куәлігін ақыға істеу бойынша аталған аккаунттың «директіне» өзінің хабарламасын қалдырған. Жүргізуші куәлігін қанша күнде жасап бере аласыңдар деген сұраққа, өздерінің шарттарын жіберді. Онда:
Бірінші B санатындағы жүргізуші куәлігі 60 000 теңге, ВС 1 санатындағы жүргізуші куәлігі 80 000 теңге, жүргізуші куәлігінен айырылғандарды қайтару бағасы нақтыланбаған;
Екінші жүргізуші куәлігін алу үшін тапсыратын құжаттар, ол жеке куәлік суреті (алды, арты), куәлік алушының суреті, мекен-жай мен байланыс нөмері;
Үшінші жүргізуші куәлігінін дайын болу мерзімі 2-3 күн, дайын куәлікті жеткізу қызметі арқылы, пошта бөлімшесі, арнайы ХҚКО арқылы алуға болады;
Төртінші төлем бойынша алдымен 50% дайын құжат алған сон қалғаны 50% төлеу қажет деп көрсетілген.
Ақыны қалай және қайда төлеу қажет деген сұраққа, өзін Алмаз деп таныстырған аталған аккаунт қолданушысы жеке шотын жіберіп, сол шотқа ақысын салу керектігін айтты.
Сонымен қатар, интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында жарнамалары бар кейбір сайттарда кез-келген түрдегі және санаттағы құрылыс лицензияларын алуға көмек көрсету бойынша қызметтер бар екендігі анықталды.
Осыған орай, Департамент мониторинг аясында жарнамада көрсетілген байланыс нөмерлеріне қоңырау шалып, аталған қызмет ұсынушылар тек қана лицензия алуға көмек көрсетумен емес, ал лицензияны толық алып беру бойынша қызметтер көрсететіні анықталды.
Осындай фирманың бір консультантарымен сөйлесу лицензия алушыдан тек-қана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі және электрондық кілті қажет екендігін, қалғанының барлығын өздері жасайтындығын айтты. Ескере кететіні құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензия алудың заңмен белгіленген талаптары бар. Онда лицензия алушы ЖШС қажетті техникамен, базамен және мамандармен қамтылған болуы қажет. Алайда, жоғарыда айтылған жарнама берушілер 750 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейн 3-санаттағы лицензия, 1 500 000 теңгеден бастап 2-санаттағы лицензияны ол құжаттарсыз-ақ алып беретіндігін ескерді. Атап кететіні аталған қызмет Қазақстан Республикасы бойынша көрсетіледі.
Аталған фактілер облыстық полиция департаментіне жолданды. Сондай –ақ, Жамбыл облысының тұрғындары заңсыз қызмет түрлерінің құрбаны болмас үшін «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық офисі Antikor орталығында баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Баспасөз мәжілісіне жобалық офис жетекшісі Назима Жувандикова, Жамбыл облысы қорғаныс істері департаменті мемлекеттік қызмет көрсету қызметі бастығы Абылай Айнақұлов пен облыстық полиция департаменті көші – қон қызмет басқармасының бастығы Арман Тұралиев қатысты. Онда төлқұжат пен әр азамат өзі туралы мәліметті жария етпеуі, әскери билет пен жүргізуші куәлігін алу қызметінің тәртібі кеңінен айтылды. Бұл қызмет түрлері Заң аясында 10 күн ішінде беріледі. Сондықтан алаяқтардың сөзіне еріп, қалтаңызды қағуға жол бермеңіз. Өйткені, 2 күнде берілетін құжат тиісті органдардың деректер қорында тіркелмейді. Жиын соңында қатысушылар жеңіл жолмен қол жеткізетін қызмет түріне сеніп, тұрғындарды түрлі жарнамалардың құрбаны болмауға шақырды.