Таңдаулы жаңалықтар:

«ӘЛ-ФАРАБИ ЖОЛЫМЕН: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, БОЛАШАҒЫ» - Zau.kz

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Әл-Фараби жолымен: өткені, бүгіні, болашағы»
атты балалар ағарту апталығын өткізді.

Апталықтың мақсаты:
Әл-Фарабидің әлеміне саяхат жасай отырып, жас оқырмандар мен оқушыларды ғылым мен білімге, парасаттылыққа, қайырымдылыққа, түрлі салаға деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап оқитын жастардың санын арттырып, ғұламаның еңбектеріне деген сұранысты көбейту.

Апталыққа шақырылған қонақтар:
Момбек Әбдіәкімұлы «Құрмет», «Еңбек Даңқы», «Ел Құрметі» ордендерінің иегері тарихшы, шежіреші, Шымкент қалалық ақын-жазушылардың «ҚАЛАМГЕР» қоғамдық әдеби бірлестігінің төрағасы;
Сарманбай Исақ Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық Ресей Психологиялық ғылым Академиясының Құрметті Академигі, «Михайл Шолохов», «Элита» медалдарының және «Жыл лауреаты» сыйлығының иегері, Қ.Қазиев атындағы әдеби жүлде лауреаты, 2008 жылдың «Ең үздік жазушысы», профессор, фантаст-жазушы;
Шойбек Орынбай Қ.Қазиев атындағы, Кемел Тоқаев атындағы әдеби сыйлықтардың, «Құрмет» орденінің, бірнеше медальдардың иегері, Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы;
Дәркен Танабаев Балалар әдебиеті республикалық байқаудың жеңімпазы, лирик ақын;
Әбдіманап Тілемісов Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері;
Әзиз Дәуітбек Шымкент қаласының құрметті азаматы, спорт шебері;
Әбілдә Байғозы тұрақты ардагер оқырман, қоғам қайраткері және қаламыздың оқу орынының жас оқырмандар.

Әл-Фараби залының пікір-алмасу аланыңда Момбек Әбдіәкімұлы 15-қазан Кітапханашылар күні мерекесімен құттып, Шымкент қалалық ақын-жазушылардың «ҚАЛАМГЕР» қоғамдық әдеби бірлестігінің атынан бірнеше кітапхана кізметкерлерімізді кәсіби мерекемізге орай алғыс хаттарымен марапаттады.

Апталық бағдарлама:
Жаңарған, жаңғырған кітапханамен оқырмандарды таныстыр, Әл-Фарабидің аспан денелері бойынша ғылыми мұрасы жайлы фильм көрсетіп, ғұлама ғалымның пайымды парасатынан туған шығармаларынан викториналық сұрақтар қойылып, ойшылдың өркениет дамуына қосқан үлесі бойынша шақырылған зиялы қауым өкілдерімен еркін пікір алмасумен аяқталып, кітапхананың құрметті оқырмандары ретінде фото түсіріліммен аяқталды.