Таңдаулы жаңалықтар:

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА "ҚЫС-2021" ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ | Zau.kz

Әл-Фараби ауданында » Қыс – 2021 «Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Сценрийға сәйкес, өрт сөндіру қызметі рельстің сынуы салдарынан цистерналарда шыққан өртті уақытылы ауыздықтауы қажет. Аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мен «Қазақстан Темір жолының» өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі дер кезінде көмек көрсетті.

Жылда тұрақты түрде өтетін Республикалық оқу-жаттығу жұмыстарына Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Мұсабаев қатысып, авариялық-құтқару қызметінің жұмысы мен апатты жағдай кезінде қажетті құралдардың тиісінше жұмыс істеуін тексерді. Өрт 12.05 минутта ауыздықталып, 12.25 минутта толық сөндірілді.

Аталған оқу-жаттығу жұмыстарына аудандық ТЖД және ҚТЖ тарапынан 70 адам, жолаушыларды эвакуациялауға арналған 7 бірлік техника және 4 арнайы техника, 1 өрт пойызы және кран қондырғылары бар 2 бірлік техника жұмылдырылды.