Таңдаулы жаңалықтар:

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 29 СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.
Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.

Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *