Ақшаң болса қалтаңда…

Бұрынғы ақшалардың салмағы ауыр, көлемі де ірі болған. Мəселен: 1748 жылы Михаил Ломоносов патшадан алған 2000 рубль сыйақыны тасу үшін арбакештерді жалдаған екен.

Ал, қазіргі таңда əлемдегі ең көлемді купюра Түркияның ұлттық валютасы болып отыр.

Дүние жүзі бойынша ақшаның 8 — пайызы ғана қағаз жүзінде. Қалған ақшаның барлығы компьютерде тұр. Яғни, электронды валюта түрінде жүргізіледі

Қолма — қол ақша көбінесе ұсақ — түйек төлемдерде ғана жүзеге асырылса, ірі- ірі қаржы тек компьютерлер арқылы бір- біріне аударыла береді.

Жер бетіне ең көп таралған ақша АҚШ доллары болып тұр. АҚШ — та басылған доллардың 70 — пайызы қазір АҚШ — тың өзінде емес, басқа мемлекеттерде қолданылып жүр.

Сонымен қатар, АҚШ доллары дүние жүзінің кез келген елінде жарай береді.

АҚШ — долларының бір ерекшелігі оның купюраларына тірі адамның суретін салуға болмайды. Жалпы, қазіргі кезде əлемнің 27 мемлекетінде доллар ұлттық валюта ретінде қолданылады. Мəселен: Сингапур доллары немесе Австралия доллары.

Сонымен қатар, Австралия, Тайланд, Жаңа Зеландия елдерінде ақша қағаздан емес, пластиктен жасалады.

Ең алғашқы қағаз ақша тарихта Қытайда жасалғандығы белгілі.

Қазіргі таңда ең жас халықаралық валюта Евро болса, ең танымал ақшаға Франк жатады. Əлемнің көптеген елдеріндегі ақша Франк деп аталады.

Ақша тарихындағы ең үлкен купюра 1934 жылы шығарылған 100 000 доллар купюрі болды. Сонымен қатар, 100 долларлықтан 1 миллион  доллар жинасаңыз ол 10 килограмм салмақ тартады.

Ең алғаш рет монетаға өзінің суретін салуға рұқсат берген патша Александр Македонский болды. Алайда, ақшаның өзі жақсы болғанымен, бір купюрада мыңдаған микробтың болатындығын да білген жөн.

Сонымен қатар, АҚШ- долларының басым көпшілігінде кокайнның ізі бар деген де мəлімет бар.

Қазір жер бетіндегі ең ескі банк Италияның Сиенна банкі. Ол 14 ғасырдан қазірге дейін жұмыс істеп келеді. АҚШ əлемдегі ең бай мемлекет болғандықтан оның ақша қоры бүгінде шамамен 900 миллиард  долларға жуықтайды. Бұл əлемнің Қытай мен Жапониядан басқа барлық мемлекеттерін қосып алғандағыдан да көп.

Ал, қазіргі кредит берудің тарихына келсек. Ең алғаш рет кредит 1937 жылы АҚШ — та берілді. Ал, жер бетіндегі ең бірінші банкомат 1939 жылы пайда болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *