Дүние жүзінде өндірілген алтынның 75 пайызы соңғы 100 жылда алынды.

Қалған 25  пайызы адамзат алтынды білгеннен бергі мыңдаған жылдар кезеңінде өндірілген.

Жер бетінде осы уақытқа дейін 174 000 тонна ғана алтын алынған. Оның жалпы құны бүгінгі бағамен 4,6 триллион  долларды құрайды.

Осыған қарамастан, жердегі алтын қорының 80 пайызы əлі күнге барланбаған. Демек, алдағы уақытта жаңа заманғы техниканың көмегімен алтынды өндіру процесі өркендей берері сөзсіз.

Алтынның басқа металлдармен салыстырғанда өте аз алынуы, оның өте сирек кездесетіндігімен əрі алу жолдарының өте қиын болатындығымен байланысты.

Мəселен: Африкада 5 жылда 500 тонна алтын алу үшін, 700 миллион тонна топырақ қазылған. Алтын терең шахталарда аса қиын жағдайда қазылады.

Алтын- аса бағалы əрі өте жұмсақ металл. Ол ешқашан тот баспайды. Тіпті, алтынды сол үшін ғарышта да жиі пайдаланады.

Бұрын адамдардың байлығы алтынмен өлшенген. Қазір де көптеген елдердің сыртқы резервтері алтынмен есептеледі.

Мəселен: қазіргі таңда ең үлкен алтын қоры Нью — Йорк қаласының федералды резерв банкінде сақтаулы тұр. Онда 500 000 данадан астам алтын құймалар сақтаулы. Ол дүние жүзілік өндірілген алтын қорының 25  пайызы. Бұл байлық көбіне шет мемлекеттердің үкіметтері сақтап отырған алтындар.

Алтынның өте жұмсақтығы соншалық, 1 — унция алтын 80 километрге дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар, алтынның бір құдыреті оны таққан адамға ешқандай аллергия бермейді, əрі қараймайды.

Егер, алтын аллергия беріп, қараятын болса оған басқа бір металлдың қосылған болуы мүмкін.

Дүние жүзінде халқы алтынды ең көп ұстайтын мемлекет Үндістан болып отыр. Үндістан тұрғындарында бүгінде 18 000 тонна алтын бар. Бұл жалпы Үндістан мемлекетінің алтын қорынан он есе көп екен. Яғни, Үндістанда үкімет өндіретін алтыннан көрі, халықта жүрген алтын саны артық.

Қазақстан алтын қоры жөнінен бүгінде əлемде 21 — орын алады. Бізде алтын өндіретін «Қазақалтын», «Касцинк», «Алтын алмас» секілді ірі компаниялар бар…

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru