Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды

 

Рустам Бикенев 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Черкасское ауылында туған. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын «мәдени ағарту қызметкері» мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын «мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми дәрежесі – Мемлекеттік қызмет менеджері магистрі. Мамандығы – өнертанушы. 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.

2007 жылы Америка Құрама Штаттары, Нью-Йорк қаласында тағылымдамадан өткен. 1995-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, 1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1999-2000 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының магистранты. 2000-2001 жылдары-Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2001-2004 жылдары  Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2004-2009 жылдары  Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық  мәдениет басқармасының басшысы болды.

2009-2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы архив ісі және құжаттама басқармасын басқарды. 2015-2017 жылдары  Солтүстік Қазақстан облысы Мәдениет, архив ісі және құжаттама басқармасының басшысы қызметін атқарды. Кейіннен  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Археология және деректану ұлттық орталығы» РММ директоры және  «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ директоры болды. 2017 жылғы 23 қазаннан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің директоры қызметін атқарып келген.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *