Әкімдер жылдық жұмысын қорытындылады

Жамбыл ауылдық  округінің әкімі Ербол Байболсынов Жеміс жидек, Талдыбұлақ және Тұрлыбай батыр ауылдарының тұрғындары алдында 2019 жылғы атқарылған жұмыстары және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есеп  берді.

Жеміс-жидек ауылындағы есепті жиналысқа Меркі аудандық  ішкі саясат бөлімінің    басшысы Р.Жантаев, Аудандық маслихат депутаты Н.Сейсенбаев және ауылдық округтің тұрғындары қатысты.

Кіріспе сөзді Жамбыл ауылдық округі әкімі Е.Байболсынов өзі алып ауыл тұрғындарына  2019  жылғы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы  және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебін берді. Сөзін қорытындылаған соң ауыл тұрғыны Н.Артықбаев (3 топтағы мүгедек) –бұрын «Плодовоягодный» совхозында 35 жыл жұмыс істегенін айтып, тиесілі жер пайын бөліп беруді сұрады. Ал, ардагер ұстаз Б.Алмейзова қаңғыбас иттерді атуға ықпал етуді және №44 ОМ күрделі жөндеуден өткізілген кезде спорт залының кішкентай екенін ескеріп,үлкейтудің жолын қарастыруды ұсынды.

Жарыс сөздің соңында облыс маслихатының депутаты Б.Сауранбаев  округ әкімінін атқарған жұмыстарына каңағаттандырарлық баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Сонымен қатар, Тұрлыбай батыр ауылында өткен есепті жиналыста ауыл тұрғыны Н.Билибаев тұрғын үй құрылысын салуға жер телімі қашан берілетінін сұрады. Оған ауылдық округ әкімі Е.Байболсынов Тұрлыбай батыр ауылының шекарасы бүгінгі күнге нақтыланды.Тұрғын үй құрылысын салуға  7 га жерге белгіленіп ЖСҚ әзірленіп  бүгінгі күні сараптамадан өткізіліп жатқанын айтты. Ауыл тұрғыны Е.Далиев электр бағаналардың арасында ескірген бағаналардың бар екенін айтып ауыстыруға ықпал етуін сұрап және электр қуаты төмен екенін айтты. Бұл сауалған Е.Байболсынов аталған мәселе бойынша аудандық электр жүйесі мекемесінен мамандарды шақыртып  нәтижесін  жазбаша жауап беретінін айтты.

Келесі жарыссөзге шығып, өз сауалын қойған тұрғын А.Байжігітов  ауыз су мұнарасы іске қосылып, су жүйесіне қосылуға қашан рұқсат беретінін сұрады. Бұл сұраққа Ербол Байболсынұлы аталған су мұнараға аудандық ТҮКШ АЖ бөлімі ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізгенін айтып, аталған бөлімнен ақпарат алынып, жазбаша жауап беретін айтты.

Жарыс сөздің соңында ауыл ақсақалы С.Билибаев  округ әкімінің атқарған жұмыстары ауқымды, нәтижелі екенін айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Талдыбұлақ ауылында өткен қорытындылау жиналысында есепті тыңдаған ауыл тұрғыны Ә.Ерсейтов  электр бағаналарының ескіргендерін ауыстыруға ықпал етуін сұрады. Сонымен қатар, №35 жалпы білім беретін мектеп директоры С.Қасымова ауыл кітапханасы мектеп ғимаратында орналасқан. Ол бұрынғы әжетханаға жоспарланған орын екенін айтып,  ауыл кітапханасына басқа ғимараттан орын тауып беруді тиісті бөлімге ұсыныс беруді сұрады.

Жиын барысында көтерілген барлық мәселелерге ауылдық округ әкімі Е.Байболсынов тиісті мекемелерге хатпен шығып, жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Бұл ауылдағы жиында ауыл ақсақалы Наятқадаев Мұратбек және зейнеткер мұғалім Өмірбекова Әшімкүл округ әкімінін атқарған жұмыстарына каңағаттандырарлық баға беріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

 

Лаззат Құралбаева,

Меркі ауданы