Әкімдер асарға қатысуда

Сарысулықтар асарлатып баспана тұрғызып жатыр. Аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үйдің құрылысы ауыл-ауылдарда бой көтеруде.
Небәрі аз күндердің ішінде көпшіліктің көмегімен іргетасы қаланып, қабырғалары тұрғызылуда.
Игі бастамаға басшылар да атсалысып, белсенділік танытуда.
Сарысулық еріктілер де асарға қатысып, ауызбірлік танытты. Бірі тас әкеліп төксе, енді бірі топырақ пен цемент алып берді. Кәсіпкерлер есік-терезе, басқа да қажетті материалдармен қамтамасыз етті. Ал, ауыл тұрғындары құрылысқа кезектесіп атсалысуда.
Жайылма ауылындағы асарлатып салу үй құрылысына, аудан әкімінің бірінші орынбасары О.Тұрғынұлы мен Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Н.Ақмағанбетов та өз қолғабыстарын тигізді.
Ал, ауыл әкімі Жандарбек Смағұлов болса қашанда округіндегі игі істердің басы қасында.
Бүгінде 4000 дана үлкен кірпіш құйылып, алда қызу жұмыстар жалғасын таппақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *