Ахуал оңалып келеді

Күллі әлемді күрсіндірген пандемияның әлегі әл-әзір тыйылар емес. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен елімізде сақтық шаралары күшейтіліп, тиісті шаралар атқарылуда. Жамбыл облысындағы Сарысу ауданында да бұл бағытта жүйелі жұмыстар  жүргізілуде. Бүгінде жергілікті билік Жаңатас қаласы мен ауылдық аймақтарда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмауға күш салуда. Оған негіз де жоқ емес.

Елімізде  коронавирус  инфекциясын жұқтырған адам саны 101 372 — ге жетті. Ал өткен тәулікте 517 жағдай тіркелді.

Оның ішінде:

— ауру белгілерімен — 278,

— ауру белгілері жоқ — 239.

Сарысу ауданы бойынша 176 жағдай  тіркеліп, есептен-175 шықты, есепте тұрғаны-1 жағдай.

175 науқас 14 күн бақылауға алынып емделіп шықты, қазіргі танда жағдайлары тұрақты.

Сондықтан тұрғылықты аудан тұрғындары Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылы 3 шілдедегі №44 Қаулысына сәйкес Сіздердің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтау мақсатында карантиндік шараларды қатаң сақтауларыңызды сұраймын.

Жабық нысандарда болған барлық тұлғалар міндетті түрде маска киюлері тиіс яғни дәріханалар, дүкендер, офистер, медұйымдар, ХҚКО, қоғамдық көлікте және адам көп шоғырланатын орталық базарларда маскалық режим қатаң сақталсын.

Карантин режимінді бұзған жағдайда маскасыз жүрген жеке тұлғаға 30 АЕК айыппұл, ал заңды тұлғаға 230 АЕК айыппұл салынатын ескертеміз.

Аудан бойынша 12 мобилдік топ құрылып халық көп шоғырланған жерлерде санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алайда, бүгінгі танда карантин режимін бұзған 4 жеке тұлғаға айыппұл салынды.

Пневмониядан сақтану үшін:

– бөлмені үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;

– қозғалыс режимін сақтау: таза ауада серуендеп, қалыпты дене жаттығуларын жасау;

– жалпы нығайтатын іс-шараларды жүргізу: профилактикалық массаж, шынығу, су процедуралары;

– салауатты өмір салтын ұстану: зияны бар әдеттерден бас тарту, толыққанды демалыс пен қалыпты дене жаттығуларын ауыстырып отыру;

– суықтан сақтану;

– тынысалу органдарының созылмалы ауруларын емдеу курсынан уақытында өту қажет.

Сәкен Артықбаев, Сарысу аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *