Таңдаулы жаңалықтар:

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР АРАСЫНДА «АҚ КИМЕШЕК-2021» БАЙҚАУЫ ӨТТІ - Zau.kz

Шымкент қаласы Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек-2021» байқауы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған.

Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Іс-шара соңында қатысушылар жүлделі орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды.

Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *