Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қалалық білім басқармасы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында слет өткізді. Аталған шараға қалалық «Адал ұрпақ» ассоциациясының мүшелері мен жетекшілері қатысты.

Слетте «Aдал ұрпақ» ассоциациясының Туы енгізіліп, барлық қатысушылар шабытпен ҚР Гимнін орындады. Қалалық «Адал ұрпақ» ассоциациясының Президенті Т.Байтас жалпы атқарылған жұмысқа шолу жасады. Слетке қатысушылармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта логикалық-ситуациялық ойындар жүргізілді. Слет соңында белсене қатысқандарға жейде, бейсболка, блокнот, кітаптар табысталды. «Адал ұрпақ» әні орындалды. Белсенділер «Адал ұрпақ»жасасын! «Мәңгілік ел» жасасын! деп ұрандап, слетті қорытындылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *