«Адал жастар-кемел келешектің кепілі» атты облыстық жастар форумы өтті

27/01/20201min1220

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Адал жастар-кемел келешектің кепілі» атты облыстық жастар форумы өтті.

Форум басында  ТарМПУ ректоры Е.Әмірбекұлы Төраға орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Шабдар, облыс әкімі Асқар Мырзахметовті ТарМПУ-нің 1-ші қабатында орналасқан адалдық дүкені және адалдық кітапханасымен таныстырды. Іс – шара барысында ТарМПУ-нің 2-ші қабатында орналасқан «Саналы ұрпақ» фрон-офисінде белсенді студенттердің қатысуымен пікір алмасу өтті. Төраға орынбасары Н.А.Шабдармен жастардың іс-шараларына қолдау көрсетіп, пікір білдірді. Форум барысында  Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Сарыбеков Махметқали Нұрғалиұлы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректор Саурықов Ерболат Байұзақұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Шабдар Нұрлан Амангелдіұлы сөз сөйлеп, сахна алдында тұрған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бағытталған арнайы плакатқа өз ойын жазып, пікірін білдірді.

Іс – шарада Адалдық туралы бейнеролик  пен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қойылымы көрсетілді. Сондай – ақ, Тараз қаласының №45 гимназиясының 9 сынып оқушысы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі, парасатты елшісі Өмірзақ Нұрай сөйледі. Ол өз сөзінде «Жас ұрпақтың еңбекке, үлкенді құрметтеу, парасатты болу сипатындағы мектеп қабырғасында жасалған жұмыстар туралы»айтты. Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің 2 курс студенті Қалдыбаева Наргиза мен ТарМПУ-нің жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Кадралиев Айбек Амансейтұлы баяндама жасап, «Жастардың бойында парасаттылық бейнені қалыптастыру бағытталған үндеуі» жарияланды. Форум қонақтары мен университет жастары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жазылған ой-пікірлер бейнеленген, шар ілінген плакатты ғимарат алдынан бірге ұшырды. Форум соңында естелікке суретке түсті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *