Абу-Дабидегі алтынмен апталған қонақүй

Суретте: «Құмдағы алтын қонақүйі» деп аталатын Абу — Дабидегі «Эмирейтс — Палас» кешені.

«Эмирейтс — Палас» қонақүйі қазір құрылысы ең қымбатқа түскен əлемдегі бірінші нысан. Оны салуға тіпті, дүние жүзіндегі ең биік 164 қабаттан тұратын «Бурдж — Халифа» ғимаратына кеткен ақшадан да көп қаражат жұмсалған.

Қонақүйді салудағы мақсат ежелгі араб мəдениетін көрсету. Сондықтан ол ескі араб стильнде салынған.

Бұл қонақүй 2005 жылы пайдалануға берілді. Оны салуға 3  миллиард АҚШ доллары мен 2  тонна алтын жұмсалған. Бұл рекордтық жағдайда еді.

Себебі, дүние дүзінде осы уақытқа дейін мұндай бағада қонақүй салынып көрген жоқ. Осының арқасында қонақүй тек таза мəрмəр мен алтыннан соғылды. Ғимарат ішінде атақты Сваровский компаниясының бағалы 1000 — нан астам люстрасы ілінген. Оның біреуінің салмағы 2,5 тоннаға дейін жетеді.

«Эмирейтс — Палас» қонақүйінде 394 номер бар. Олардың бағасы бір тəулікте 13 мың долларға дейін барады. Ал, үлкендігі 650 шаршыметрлік вип номерлердің бағасы аптасына 1 миллион долларға дейін. Алайда, осыған қарамастан қонақүй қашан да адамға толы.

1 миллион доллардың ішіне жүргізушісімен Майбах автокөлігі, Абу- Дабмдің үстінен тікұшақпен ұшу, теңіз астына түсу секілді қызметтер де кіреді. 85  гектар жерді алып жатқан қонақүй кешенінде 1200 адам қызмет етеді. Бұл қонақ үйге келетін адамдардан көрі қызметкерлер саны көп əлемдегі жалғыз кешен. Сонымен қатар, бұл қонақүйге кез келген адам, кез келген киіммен кіре алмайды. Себебі, бұл қарапайым бес жұлдызды емес, жеті жұлдызды қонақүй.

Бұл нысанның  ең басты ерекшелігі: онда əлемде жалғыз ғана алтын құймалар сататын автоматтың болуында.

Яғни, сіз бұл ғимараттың  ішінде қойылған арнайы автоматтардан алтын құйма сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

Көптеген елдерде алтын құйманы тек мемлекеттік банктер сатуы мүмкін. Ал, мұнда ол қонақүйдің ішінде сатылып тұр…

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru