Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облысында өтеді

 

Мұхтар Әблязовқа қатысты іс Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық-процестік кодекстің 304-бабына сәйкес, 2018 жылдың 2 қазанында Мұхтар Әблязовтың Қылмыстық кодекстің (16.07.1997 жылдың редакциясы) 28-бабының 3-бөлігі бойынша, 96-баптың 2-бөлігі «ж», «з»  пунктері бойынша сотқа тартылғанын хабарлайды», — делінген прокуратураның хабарламасында.

Айта кетейік, Әблязов «Банк ТұранАлем» АҚ экс-төрағасы Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ, ол бұл қылмысты жасау кезінде Мұратхан Тоқмәдимен алдын ала сөз байласқан деген күдік те бар екені айтылған еді.

Әблязов Тәтішевтің өлімі үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін Франция соты 2014 жылдың 9 қаңтарында БТА банктің бұрынғы басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын.

Бұл үкім ресейлік және украин тарапының экстрадиция бойынша салған сұрауларына байланысты шығарылған. Бір аптадан соң Мұхтар Әблязов соттың бұл қаулысымен келіспейтіндігін білдіріп, екі рет жоғары инстанцияға шағымданған.

Сондай-ақ, БАҚ беттерінде осыған дейін Қазақстанның Мұхтар Аблязовты отанына қайтарып алуға тырысатындығы бірнеше рет мәлімделген еді.

Дереккөз:  tengrinews.kz