1937 жылы Мойынқұм ауданы, Ерназар ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінен бастаған. 1958 – 1967 жылдары жастар газетінде тілші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 – 1971 жылдары Шу ауданы «Шу өңірі» газетінің редакторы, 1971 – 1973 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, 1973 – 1976 жылдары «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі, Алматы облысы радиохабарлар тарату комитетінің Бас редакторы, директоры қызметін атқарды. 1985 – 1989 жылы «Қайнар» баспасында редактор болды. Соңғы жылдары «Қазақ батырлары» атты жекеменшік газетін шығарды. «Нағыз қайнар», «Азамат ажары», «Ел шырайы», «Ақ пейіл», «Наз», «Жазым» атты кітаптардың авторы.