Таңдаулы жаңалықтар:

АБАЙ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЕЛДІМЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНАТЫН БОЛАДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты «Айкөл» елдімекенінің тұрғындарын сапалы электр энергиясымен қамту мәселесі жақында шешімін таппақ. Қазіргі таңда электр бағаналары орнатылып, ұзындығы 6 шақырым болатын электр сымы тартылды. Нәтижесінде, елдімекендегі 332 адам сапалы электр энергиясын тұтынатын болады.

Ағымдағы жылдың шілде айында мердігер мекеме «Жолсерік» ЖШС тарапынан басталған құрылыс жұмыстарының бүгінде 97 пайызы аяқталды. Сондай-ақ, «Айкөл» елдімекенінің тұрғындары таза ауыз сумен және көгілдір отынмен де қамтылады.
Жалпы Абай ауданында жыл соңына дейін барлығы 7 елдімекенде (Ақжар, Жалын, Достық, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2) құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатын пайдаланатын болады.

Құрылыс жұмыстарының бірқатары жылдың соңында аяқталса, бірнешеуі келер жылға өтпелі. Қарқынды құрылыс нәтижесінде келесі жылы аудан сапалы электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.