Таңдаулы жаңалықтар:

31 КӨШЕГЕ ТАЛШЫҚТЫ ОПТИКА ЖЕЛІСІ ЖҮРГІЗІЛДІ - Zau.kz

Шымкентте интернет сапасы төмен 30 тұрғын алабы анықталып, оптикалық желі арқылы интернетпен қамтамасыз ету үшін қалалық цифрландыру басқармасы тарапынан жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізілді.

Нәтижесінде, «Fishnet» компаниясымен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қала орталығын толықтай оптика желісімен қамту жоспарланып, компания тарапынан қала орталығындағы 31 көшеге толықтай талшықты оптика желісі жүргізілді. Олар: Г. Иляев, Красина, Жалкышыев, Желтоксан, Толстого, Шаймерденов, Торекулов, Алимбетов, Сапарбаев, М. Кожа, М. Маметовой, Ш. Валиханов, Тажибаев, Асанов, Шолохов, Сарыкулов, Ормалов, Лихачев, Байзалулы, Жандосов, Молодая гвардия, Циолковского, Циолковского, Шаймерденова, Дулати, Казыбек Би, Аманжолов, Диваева, Ташенов, Орынбаев, Адырбекова көшелері.

Егер, қала қала тұрғындары тарапынан оптика желісіне қосылуға өтінім берілген жағдайда жоғарыда аталған қала қала көшелеріне (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) сапалы интернет «FishNet» компаниясы арқылы жеткізілетін болады. Ол үшін Д. Қонаев көшесі 210 пәтеріне барып өтініш беру немесе +7 (7252) 60 60 60 тел номеріне хабарласу арқылы сапалы интернетке қосыла алады.

 

Ал, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық, Достық, Асар шағынаудандарына талшықты оптика желісі толық жүргізіліп, 9000 үйге талшықты оптика желісі тартылып, оның ішінде 1000-ға жуық үй өтініш беру арқылы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қосылған. Мердігер компания 2022 жылы Самал-3, Шұғыла, Ақниет, Қызылжар, Ынтымақ, Жайлау Қарасу, Солтүстік-Батыс шағынаудандарын оптика желісімен қамтуды жоспарлауда. Егерде тұрғындар тарапынан кеңжолақты интернет желісіне қосылуға 8 775 395 29 02 тел номері арқылы нақты өтінімдер берілген жағдайда, «i-LinkNet» компания тарапы шағынаудандарды толыққанды талшықты оптика желісімен (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар, «СпецавтоматикаСервис» ЖШС тарапынан 2022 жылы 6 елдімекенді оптика желісімен қамту келісілді. Олар — Сәуле, Қарабастау, Бадам-1, Құрсай, Қазығұрт, Забадам елді мекендері. Бүгінде, Қарбастау және Сәуле шағынаудандарында монтаждау жұмыстары (кабель жүргізу жұмыстары) басталды.
Сондай ақ, «Kaz-IT» ЖШС тарапынан қала аумағындағы Көкбұлақ, Тассай, Таскен, Нұртас, Пахтакор-1,2, шағын аудандарына талшықты оптка желісі жүргізілді. Ондағы 1000 ға жуық үй оптика желісіне қосылды.

Жалпы шалғай орналасқан елдімекендер мен шағынаудандарды 100% талшықты оптика желісімен қамту үшін жол карта әзірленген. Жол картаға сәйкес бүкіл қала аумағы 2022-2025 жылдары толықтай талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілетін болады.