Таңдаулы жаңалықтар:

30 ЖАМБЫЛДЫҚ 5,0 МЛН. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

03/03/20211min2560

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен қазақстандықтар қомақты ақшалай сыйақы алады. Бұл шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес жүргізіледі. Осыған байланысты республика бойынша азаматтарды көтермелеу бойынша Республика бойынша ең жоғары нәтижені Жамбыл облысы бойынша Департамент көрсетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы белгіленеді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы Әкімшілік істер бойынша сыйақы мөлшері – 30 АЕК, онша ауыр емес қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК, ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша-100 АЕК құрайды.

Тек 2020 жылы 30 жамбылдық азамат 5,0 млн.теңге көлемінде сыйақы алды. Талдау көрсеткендей, негізінен азаматтар парақорлық, ұрлау және билікті теріс пайдалану фактілері туралы хабарлайды. Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша мысал ретінде сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлаған азамат  198 000 теңге сомасында сыйақы алды.

Ақшалай сыйақыдан бас тартқан жағдайда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органға тиісті өтініш береді және ол үшін грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау белгіленуі мүмкін.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерімен немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы ақпараттың бар болуы кезінде өңірдің тұрғындарын Агенттіктің CALL-орталығы «1424» телефоны бойынша хабарлауды немесе Тараз қаласы, Айтиев көшесі, 40 мекенжайында орналасқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне жүгінуді сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі.