Таңдаулы жаңалықтар:

1-ШІ КЕЗЕҢ ЖҰМЫСТАРЫ 89 %-ға ОРЫНДАЛДЫ - Zau.kz

Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 1 кезеңі (Түркістан көшесінен «Ескі қалашық» аумағына дейін) бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Нысанның жалпы ұзындығы – 580 м. Қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 м асфальт төсеу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта құрылыс белдеуінде тұрған 2 жекеменшік үй мемлекет мұқтажына алынды. Қалған 180 м құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

Айта кетсек, бүгінде құрылыс жұмыстарының 89 %-ы орындалды.