Таңдаулы жаңалықтар:

Үш айда қордайлық жастармен 170-тен астам шара ұйымдастырылған

Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында Жамбыл облысы Қордай ауданында мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы мен мемлекеттік жастар саясатын жастар арасында жүзеге асыру мақсатында  аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 177 іс-шара өткізілген. Дегенмен, оның ішінде әлемді шарпыған коронавирустық пандемияға байланысты 13 шара онлайн түрінде, ауылдық округтерде 131 іс-шара өткізіліп, оларда барлығы 12802 жас қамтылды. Жалпы, барлық шаралар барысында санитарлық талаптар қатаң сақталған. Сонымен қатар, осы жыл басында аудандық бөлім және мекеме басшыларымен бірлесіп  салааралық жоспар бекітілген. Жоспарға сәйкес 12 іс-шара өткізіліп 225 жас қамтылды.

Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Расул Бедельбаевтың айтуынша, жалпы атқарылған іс-шаралар туралы мақалалар 2 тілде, суреттерімен «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» аудандық қоғамдық-саяси газет бетіне үнемі жарияланып отырады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жарияланған мақала саны 6-ға жетсе, ақпараттық материалдар «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік желілерінде тұрақты жарияланды (Instagram,Facebook), жарияланған мақала саны 212-ні құрайды.

Айта кету керек,  ауданда ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында барлығы 70619,0 мың теңге қаражат бөлінсе, оның ішінде Жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз етуге 63269,0 мың теңге, аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізуге 4500,0 мың теңге, «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2850,0 мың теңге қаржы қарастырылып, мамыр айынан бастап 65 жас (NEET санатына жататын, пробация есебінде тұрған, жұмыссыз және студент  жастары) абаттандыру жұмыстарына тартылуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *