Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда

«Nur Otan» партиясының сайлау штабының үгіт -насихат жұмысы қарқынды жалғасуда.

Т.Рысқұлов аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттары Айнакулов Мереке, Закимбаева Эльмира, Мейманханов Мұратжан «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Үй жағдайында өткен үгіт -насихат жұмысын ауылдағы жоғары буын өкілдерінен бастады. Кандидаттар сайлауалды бағдарламаны түсіндіре отырып, алдыңғы уақытта аудан көлемінде жүргізілетін жұмыстарға да тоқталды.

Партия жоспарындағы əлеуметтік мəселе басымдығын айта келе, болашақтағы атқарылатын істерді де тілге тиек етті. Акция соңында сайлаушылардың жақсы тілектеріне ризашылықтарын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Т.Рысқұлов аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *