Əлемдегі ең биік теннис алаңы

Ол Дубайдың символы «Бурдж — Аль — Араб» ғимаратында орналасқан.

Теннис корты бір мезетте тікұшақ қонатын алаң ретінде де қолданыла береді. Бұл теннис алаңының ашылу салтанатында мұнда əлемдегі ең үздік теннисшілер Роджер Федерер мен Андре Агассидің өзі теннис ойнаған. Ол жер бетінен 300 метр биіктікте тұр. Жалпы, Бурдж — Аль — Араб ғимаратының биіктігі 321 метр. 60 қабаттан тұрады.

Туристер арасында «Парус» атанып кеткен бұл нысан теңіз жағасында жүзіп жүрген парусты елестетеді. Ол Дубай қаласының символы ретінде 2000 жылы пайдалануға берілді. Бұл ғимаратқа миллиардтаған доллар ақша жұмсалған. Оның барлығы да мұнда келушілерді таң қалдыру үшін. Нысанды Дубайдың каролі өз қолымен қабылдап алғандықтан, бұған Жапон мен Сингапурдың ең мықты деген дизайнерлері тартылған.

Жергілікті халық арасында Дубай мұнарасы деп аталып кеткен ғимаратқа кез келген адам кіре алмайды. Себебі, ол тек байлар, тек таңдаулы адамдар үшін соғылған. Мұнда бір қабаттан тұратын қонақүй жоқ. Оның ішіндегі барлық 202 номерлер екі қабаттан тұрады. Олардың ең кішісі 170 шаршы метрден басталып, үлкендері 750 шаршы метрге дейін жетуі мүмкін. Барлық бөлмелерден теңізге əдемі көрініс ашылады.

«Парус» қонақүйінің номерлері де арзан емес. Қарапайым номерлер бір түнге 15 000 доллар болса, президенттік люкс номерлердің бағасы 28 000 долларға дейін барады. Себебі, бұл ғимаратта жəй шомылатын ванна мен өзге де керек — жарақтар алтыннан жасалған. Жалпы, бұл қонақ үйдің 8000 шаршы метріне 22 караттық алтын жұмсалған. Сонымен қатар, «Бурдж — Аль – Араб» ғимаратына қонған аса беделді адамдардың тізімі де жазылып қояды. Ол тізімде қазақтың бай — бағландары да болуы мүмкін.

«Парус»  қонақ үйінің ішіндегі алып аквариум мен төбесіндегі бұлттар мейрамханасы да келушілерді қатты қызықтырады. Бір жағынан бұлттың ішінде отырып немесе балықтарды тамашалап отырып тамақ ішу арзанға түспейтіндігі анық.

Ғимаратты салу кезінде көптеген инженерлік жаңа шешімдер қабылданған. Сол үшін де көп ақша жұмсалды.

Себебі, бұл қонақүй жағажайдан 270 метр жердегі судың ортасынан қолдан жасалған аралда тұрғызылған еді. Кешенге тек құрлықпен жалғап тұрған көпір арқылы немесе тікұшақпен ғана барасыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *